«Бірінші кезекте былтыр 3 қызмет түрі іске қосылды, жыл соңына қарай тағы 14 түрі қосылды, жалпы 17 қызмет түрі экстерриториялы принциппен көрсетіледі. Бұл дегеніміз не? Мысалы, егер адам Нұр-Сұлтан қаласында тұрса, уақытша Алматы қаласында болса, ол Алматы қаласының кез келген ХҚКО-на жүгіне алады және өзіне тиесілі әлеуметтік төлемді алу үшін өтініш бере алады. Бұл ыңғайлылықты арттырады және азаматтардың қызмет алу шығындарын азайтады. Жоба іске қосылған сәттен бастап – 2021 жылдың төртінші тоқсанында 22 мың азамат пайдаланып үлгерді», - деді спикер.  


Сонымен қатар, процестерді оңтайландыру есебінен әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыруға арналған операциялық шығыстарды төмендету жоспарланған. 


«Қызмет көрсетуге операциялық шығындарды үнемдеу мақсатында азаматтардың шоттарына әлеуметтік төлемдерді аудару үдерістерін өзгерту бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл өзгерістер 2021 жылдың 7 айында ғана мемлекетке шамамен 3 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді, ал тұтастай алғанда, бұл тетік биыл шығыстарды 6 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш одан артық болуы мүмкін», - деді ведомство өкілі.             

 

Тағы бір жоба - мемлекеттік қызметтерді банк платформаларында көрсету. Өткен жылдың қазан айында министрлік екі банкпен бірлесіп, олардың платформаларында баланың туылуына байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметтерді іске асырды. 2021 жылдың төртінші тоқсанында 16 мың азамат банк платформалары арқылы қызмет алды. Қазіргі кезде басқа банктер де бірге жұмыс істеуге ұсыныстарын білдіруде. Еңбек министрлігі барлығына ашық және осы бағыттағы жұмысты жалғастырады.