«11 ақпандағы жағдай бойынша жұмыс қуаты шамамен 15 ГВт құрайды, қолда бар және жұмыс қуаты арасындағы айырмашылық елдің моральдық тұрғыдан ескірген энергия көздеріндегі жоспарлы және авариялық жөндеу жұмыстарына және теңгерімге ЖЭК объектілерінің қатыспауына байланысты. 2021 жылы электр энергиясын тұтынудың күрт өсуі байқалды және ол 113,89 млрд кВтсағ құрады, бұл 2020 жылдың көрсеткіштерінен 6,1%-ға жоғары.
2021 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 114,4 млрд кВт сағ немесе 2020 жылдың көлеміне 105,89% құрады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша өндіру құрылымындағы отын түрлері бойынша генерациялайтын көздердің үлесі мынадай: көмірде - 69%; газбен – 20%; гидроэлектр станциялары (шағын ГЭС-сіз) – 7,4%; ЖЭК (КЭС, ЖЭС, шағын ГЭС, БГҚ) – 3,6%», - деді министр.