Нысанды жеке құрылыс салушы өз қаражатына пайдалануға береді. Ал мемлекет нысаналы мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жүзеге асырады. Мемлекеттік тапсырысты орналастырудың негізгі шарты студенттің тұру фактісі болып табылады. Мемлекеттік тапсырыс ай сайын 8 жыл мерзімге орналастырылады.
«Егер ғимарат басынан бастап салынса, бір студентке шаққандағы мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері 122 АЕК (Алматы қаласында – 144 АЕК), қайта құрылса – 47 АЕК (Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары үшін 92 АЕК) құрайды. Бұл ретте алғашқы 12 айда төлемдер екі есе көп төленеді. Жалпы, бұл мақсаттарға республикалық бюджетте 152 миллиард теңге қарастырылған және бұл қаражат секвестрлеуге жатпайды. Мемлекеттен төлем мерзімі өткеннен кейін нысан құрылыс салушының меншігінде қалады. Жалғыз шарт 20 жыл мерзімге нысанның мақсатын өзгертпеу туралы міндеттеме рәсімделеді. студенттік жатақхананың ай сайынғы төлемі мемлекеттік тапсырыс құнына кірмейді, бірақ ол көтерме болуы тиіс. Жобаға қатысушының қосымша табыс көздері болуы мүмкін. Сондай-ақ жеке қызметтер көрсету үшін коммерциялық кеңістік құра алады: асхана, шаштараз, спорт залы және т.б.. Құрылыс және одан әрі пайдалану қолданыстағы құрылыс, өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға қатаң сәйкес жүзеге асырылуы керек», - деп нақтылады спикер.
Айта кетейік, бүгінгі таңда 30 630 орындық 124 жатақхана пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, жасалған алдын ала келісімдер негізінде жергілікті бюджет есебінен, өз қаражаты және демеушілік қаражат есебінен нысаналы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2022 жылы 11 052 орындық 32 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған.