Сонымен бірге жасаған әрекетінің ауырлығын, жеке басының мінездемесін ескере отырып соттар 140 адамға қоғамнан алшақтатуға байланысты емес бұлтартпау шараларын тағайындады: үйқамақ - 62, кепіл - 33, ешқайда шықпау туралы қолхат - 45.  


«Бұрын аталғандай қылмыстық істердің негізгі бөлігі келесі қылмыстар бойынша тергелуде: ұрлықтар - 1 844, қарудың заңсыз айналымы - 343, мүлікті қасақана бүлдіру немесе жою - 144. Қылмыстық істер бойынша 1,5 мыңнан аса жеке және заңды тұлға жәбірленуші деп танылған, 12 мыңнан астам адамнан жауап алынған, 2 мыңнан астам әртүрлі сот сараптамалары тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеудің сапасына және оның жадел аяқталуы ерекше назарға алынған. Ішкі істер органдары тергеушілерімен қаңтар оқиғалары бойынша 107 күдіктіге қатысты қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталған. Бұл істердің де негізгі бөлігін ұрлықтар - 65, қаруды заңсыз сақтау фактілері – 11, оларды ұрлау – 7 және өзгелер құрайды. Сотқа 86 айыпталушы берілді. Бүгін елімізде соттар жеке басын және жасаған қылмыс ауырлығын ескере отрып 52 адамды соттады: олардың 39-ы бас бостандығын шектеуге, 13-і бас бостандығынан айыруға, ал 2 адамға қатысты тараптар татуласуына байланысты тоқтатылды», - деді спикер.   


Республика көлемінде қаңтар оқиғаларын тергеуге 500-ден аса ішкі істер органдары қызметкерлері тартылды, олардың ішінде тергеушілер, жедел қызметкерлер және криминалисттер. Ішкі істер министрлігі орталық аппаратынан жергілікті жерлерге тәжірибелі қызметкерлер жіберілді. Бірқатар қызметкерлер арнайы прокурорлар жетекшілік ететін ведомствоаралық жедел тергеу топтарының құрамдарына қосылды және олармен бірге жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушыларын анықтау бойынша жұмыс жасауда.