«Мысалы, жедел іс-шаралар кезінде Алматы қаласы Шаңырақ-2 шағын ауданында екі адам ұсталды, олардан 5 мың пистолет және автомат патрондары бар цинк жәшіктері, бронежилет, қалқан, тізеқорғағыштар түріндегі арнайы құралдар, 2 танкіге қарсы снаряд, тегіс ұңғылы қару, 7 пневматикалық винтовка, оның ішінде біреуі оптикалық көздегішімен және пневматикалық пистолет алынды. Алматы қаласындағы тәртіпсіздіктер кезінде күдіктілер тобы жеңіл автомашинамен «Оружейник» аңшы дүкеніне келіп, ол жерден кіре беріс есігін сындырып 15 тегіс ұңғылы қару мен 4 ойық ұңғылы карабинді, оның ішінде оптикалық көздегішімен жымқырған. Ұрланған қаруды одан әрі сату мақсатымен Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында арнайы жабдықталған орындарда заңсыз сақтаған. Сонымен қатар тергеу барысында көрсетілген адамдардың Алматы қаласының әуежайына шабуылға және қиратуға қатысқаны анықталды.  


Сондай-ақ Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздіктердің бір қатысушысы ұсталды, ол анықталмаған үш адаммен топтасып түнгі уақытта «Камерат» аңшы дүкенінің бұзылған қабырғасынан кіріп отты қаруды жымқырып екі жеңіл автокөлікпен алып кеткен.  

 
Ұрланған мүліктің бір бөлігі, 8 тегіс ұңғылы қару оқ-дәрісімен тұрғын үйдің шатырынан табылып алынды, өзге жасырын орыннан жаппай тәртіпсіздіктер барысында қолданылған заттарды, ол сигналдық револьверді оқ-дәрісімен, жанғыш қоспалы 4 шыны бөтелкені, противогаз бен полиция қызметкерлерінің арнайы құралдарының 6 жиынтығын полиция қызметкерлері тауып алды. Сонымен қатар қылмыскерлердің ұрланған қаруды сату фактілері анықталды», - деді спикер мысалдар келтіре отырып.  


18 ақпанда Жамбыл облысының Байзақ ауданында жедел іс-шаралар барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен ұрланған Калашников автоматын сату барысында Тараз қаласының 45 жасар тұрғыны ұсталды. Күдіктіден жеке тінту барысында қаруды сатудан түскен 300 мың теңге, ал автомашина салонынан - екі Калашников автоматы оқ-дәрісімен алынды. Жоғарыда көрсетілген барлық адамдар прокуратурамен келісіліп және сот санкциясымен күзетпен ұстауға алынды. 


Түсіндіру жұмыстары нәтижесінде азаматтар 100 данадан аса қаруды ерікті түрде тапсырды.

 
ІІМ өкілі қаруды ерікті түрде тапсырған адам, егер оның әрекеттерінде басқа қылмыс құрамы болмаса қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын еске салып өтті.