Шенеунік кепілдік беріп, өзінің неге сенімді екенін түсіндіріп өтті. KIA, Hyundai немесе Лада бренд ұстаушылары әлем бойынша кепілдіктер, сол сияқты Қазақстан да кепілдіктер береді, әйтпесе автомобиль нарыққа айналымға шықпас еді.  


Отандық өндірістің перспективаларына келетін болсақ, Қарабаев қолда бар баға жетпес кадрлармен көп ұзамай өз брендіміз болатынын жеткізді.  


«Өз брендіміз жоқ, шетелдік көліктерді құрастыратынымыз... бәрінің модельдері ұқсас. Өзбекстан бастаған кезде бұл кореялық Daewoo моделі болды, 15 жылдан кейін General Motors-пен бірлескен модельге көшті. Ресейде «Лада» 1962 жылы құрылған. Итальяндық модель негізге алынды, кейінірек Renault француз компаниясымен бірлескен өндірісті игерді.  Біз де сол жолмен келе жатырмыз. Біз ірі брендтермен бірлесіп игереміз және уақыт өте келе, аяғымызға нық тұрғанда, біздің де жеке көлігіміз болады. Осы зауыттарда жұмыс істеп жүрген жастарымызға қараңыздар. Бұл олардың қолынан келеді. Жақында Tesla-да жұмыс істеген 24 жастағы бір жігіт келді, Ұлыбританияда шетелде оқыған екен. Өз ЖОО-да 100 балдан 97 балл жинаған. 97 ұпаймен аяқтау - бұған британдықтардың өзі сенбейді. Біздің жастарымыз, міне, осындай. Бұл жастар ерте ме, кеш пе, жаңа қазақстандық автокөлік құрастырып шығарады. Жас жігіттің көзқарасы осындай. Ол сызбаларын ала келіп, қазақстандық бренд жасау үшін не істеу керектігін айтты. Есесіне, электромобиль. Ол өзінің жұмыс істеп үлгерген басқа елдердегі тәжірибесі туралы айтып берді. Яғни, біз ірі торапты құрастырудан бастадық, енді ұсақ торапқа көшеміз, уақыт өте келе отандық бренд те болады», - деді вице-министр.