«Жалпы, космомониторинг пайдаланылмай жатқан жерлерді немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау бойынша өзінің тиімділігін көрсетті, өйткені ол қысқа мерзімде республиканың барлық ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға талдау жасауға мүмкіндік береді, көзбен шолып қарау және пайдаланбау фактісін тіркеу арқылы жеке баруды болдырмайды, нәтижесінде уәкілетті органдардың уақыт және материалдық шығындарын үнемдейді. Осылайша, космомониторинг қорытындысы бойынша 3,6 млн га пайдаланылмаған жер ерікті түрде қайтарылды», - деп нақтылады спикер.  


Бұдан басқа, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қою мерзімдері қысқартылып, рәсімі оңайлатылды. Іс жүзінде механизм ұзақ болды.   

«Осылайша, жер ондаған жылдар бойы пайдаланылмаған және айналымнан шығарылған, тозған, арамшөптер қаптап кеткен, кейіннен оларды қалпына келтіру қиынға соғады. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 3 қаңтарында Мемлекет басшысы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қою мерзімін 2 жылдан 1 жылға дейін қысқартуды, сондай-ақ орынына шықпай космомониторинг арқылы мемлекеттік бақылаудың жаңа тетігін енгізуді көздейтін заңға қол қойды»,-деді АШМ өкілі.