Оның айтуынша, құқық қорғау органдары қылмысқа қатысушыларды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда. 

«Ақтөбе қаласында ұялы телефон бейнежазбасының арқасында азамат И. ағымдағы жылдың 5 қаңтарында «ВАЗ 21014» автокөлігін басқарып, облыс әкімдігінің алдында үлкен жылдамдықпен полицейлерді соққаны анықталды. Нәтижесінде 4 полиция қызметкері дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Полиция қызметкерлерінің өміріне қол сұғушылық әрекеті үшін азамат И. соттың санкциясымен қамауға алынды. Сонымен қатар, азамат Т. және И. таяқтарды пайдалана отырып, Алматы қаласы әкімдігінің алдында полиция қызметкерлерін қатты соққыға жыққан. Көрсетілген тұлғалар қамауда отыр», - деді Бас прокуратураның өкілі.  


Сондай-ақ, Бас прокуратура қаңтар айындағы оқиғалар кезіндегі жағдайға қатысты БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға мониторинг жүргізуде. Азаматтар оқиғаның мән-жайын дұрыс түсінбей, оны жариялаған жағдайлар кезедсуде.  


«YouTube арналарының бірінде азаматша Т. жұбайын қылмыстық жауапқа тарту туралы видеосы жариялады. Атап айтқанда, ол полиция қызметкерлерінің әрекеттерінің заңдылығы мәселесін көтереді, өйткені жұбайы қаруды өз еркімен тапсырған. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеудің кейбір мәліметтерін хабарлаймын. Бұл әйелдің жұбайы ағымдағы жылдың 6 қаңтарында адамдар тобында ауыр қылмыс жасады деп күдіктеліп, Жамбыл облысы полиция департаментінің ғимаратына кіріп, одан 3 Калашников автоматы мен тапанша ұрлап кеткен. Оның әрекеттері Қылмыстық кодекстің 291-бабы бойынша қаруды ұрлау ретінде сараланады. Қылмыстың көрсетілген санаты бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату көзделмеген. Естеріңізге сала кетейік, тұлғалар атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сақтағаны үшін, егер олар өз еркімен тапсырылса және әрекеттерінде басқа қылмыс құрамы болмаса ғана жауапкершіліктен босатылады», - деп түсіндірді Қилымжанов.