«Полиция қызметкерлері митинг өтетін аумаққа жақын жерлерде орналасады, қару мен арнайы құралдарды қолданбайды. Жиналғандармен тікелей қарым-қатынасты тек әкімдік өкілдері ғана жүзеге асыра алады. Ал полиция митингті тоқтату үшін тек қана мынадай жағдайларда ғана тартылады: егер азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық тәртіпке қауіп төнсе, мүлікке залал келтіру фактілері тіркелсе, әлеуметтік, нәсілдік, діни алауыздық қоздыру фактілері болса, Конституциялық құрылысты, аймақтық тұтастықты күшпен құлатуға шақырса. Заң күшіне енгеннен бастап полиция мен наразылық білдірушілер арасында ешқандай қақтығыс болмағанын атап өткеніміз жөн. Тура осы алгоритм қаңтар оқиғаларының алғашқы күндерінде де қолданылды», - деді министр.