Атап айтқанда, спорт түрлерін саралау ережесіне сәйкес, барлық паралимпиадалық спорт түрлері «автоматты» түрде «А» тобына еніп, «приоритетті» спорт түрлерінің қатарына жатқызылды, осылайша, бірінші кезекте қаржыландырылды.  

«2016 жылғы Рио Паралимпиадасынан бастап, Паралимпиада және Сурдолимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қаржылай сыйақылары өсіп, Олимпиада ойындарымен теңестірілді. Сонымен қатар, спорттық нәтижелерді ескере отырып, алдағы уақытта ұлттық құрама жаттықтырушылары мен спортшыларының жалақыларын көтеру мәселесі қарастырылады. Бейжің қаласындағы Паралимпиада ойындарының нәтижесі бойынша спортшылар мен жаттықтырушыларға Үкімет тарапынан жалпы соммасы 131 млн теңге және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға сәйкес Александр Герлицке Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тарапынан бір бөлмелі пәтер беріледі», - деді комитет төрағасы.