«23 наурызда бүкіл ел бойынша «Қайырымды Ұлт» ауқымды қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады, оның аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балалар мен қарттар үшін көшпелі концерттерді өткізу қарастырылуда. Акцияға еріктілер, мәдениет өкілдері, меценаттар тартылады. Бүгінгі таңда республикамыздың барлық аймағы Наурызды мерекелеудің  іс-шаралары бекітіліп, жүзеге асырылуда», - деді вице-министр.  


Сондай-ақ, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Еуразия Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен «Наурыз – ел бірлігінің мәдени коды: ізденіс, тұжырымдама, тәжірибе» атты Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы басталды. Осы секілді  Наурыз мейрамын мерекелеу күндері елімізде ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының ұйымдастыруымен 15 ғылыми-тәжірибелік конференция мен дөңгелек үстөлдер өткіліетін болады.