«Тұжырымдаманың бірнеше тарауға бөліп жасалуының себебі, оны кең көлемде ұлттық салт-дәстүрімізді, болмысымызды жастарға насихаттау. Наурыз мерекесін балалар мерекесі, оны балалар күтетін мереке ретінде қалыптастыру, сондай-ақ, мереке кезеңінде салт-дәстүрімізді, әдеп-ғұрыптарымызды кеңінен насихаттау. Тұжырымдамаға сәйкес, Наурыз мерекесін өңірлерде атап өту бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленді», - деді спикер.