Бүгінгі таңда  күніне орташа есеппен шамамен 100 жағдай тіркеледі, бұл жақсы нәтиже. 

«Жалпы Қазақстанда наурыз айында ақпандағы ұқсас кезеңмен салыстырғанда сырқаттану 33 есеге төмендеді. Репродуктивті жұқтырғыш саны 3 есеге азайды. Инфекциялық және реанимациялық төсектердің қамтылуы 8% құрайды, соңғы айда ем қабылдап жатқан адамдардың саны 5 есеге төмендеді. Қазіргі кезде 8 350 науқас, оның ішінде стационарда 6707, амбулаториялық деңгейде 7 680 адам ем алуда», - деді министр.