«Өңірлерде «сары» және «жасыл» аймақтардағы барлық объектілерден эпидемиологиялық шектеу шаралары  алынды: «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану; әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар; міндетті термометрия;  эпидемиологиялық қауіпті барлық аймақтарда ашық ауада маскаларды міндетті түрде кию; COVID-19 қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін барып жұмыс істеуге рұқсат беруді шектеу шаралары. Сондай-ақ, ауру белгілері болмаса, пациенттерден, сондай-ақ жүкті әйелдерден, науқас баламен бірге медициналық ұйымдарға жатқызылатын адамдардан; гемодиализдегі пациенттерден; жүкті әйелмен бірге босануға қатысатын адамдардан; ауруханаға жатуы тиіс адамдардан ПТР сынағы  талап етілмейді. Гемодиализдегі пациенттерден, жүкті әйелмен бірге босануға қатысатын адамдардан, мерзімді әскери қызметтен босатылған адамдардан, Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға ұзақ мерзімді кезедсуге келетін адамдардан ПТР сынағы сұралмайды», - деп атап өтті спикер.  


Бүгінгі күні вакцинация және қайта вакціинация болған жағдайда қазақстандықтар елге ПТР тестісіз кіре алады, визасыз режим қолданылатын барлық елдермен әуе қатынасы қайта жалғасты. Халықаралық автобус және темір жол тасымалын қалпына келтіру шаралары қабылдануда. Бірақ кейбір шектеулер сақталды.  

«Шекаралас елдерде тәуліктік сырқаттанудың жоғары болуына байланысты, оның ішінде Ресейде және құрлықтағы шекарада қозғалыстың жоғары болуына байланысты, көлік жолдарында мемлекеттік шекараны кесіп өту шектеулері сақталды. Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған кезде құрлық шекарасынан өту кезінде шектеулерді алып тастау қарастырылатын болады. Республикада сырқаттанудың төмендеуіне қарамастан, пандемия жалғасуда және ұжымдық иммунитетті сақтау, сырқаттанудың өсуіне жол бермеу үшін вакцинациялауды және қайта вакцинациялауды жалғастыру қажет», . деді ведомство өкілі.