«Яғни, біздің кен орындарымыз бірнеше күн бойы резервуар паркінде жұмыс істей алады. Егер Новороссийск портындағы жылжымалы айлақ қондырғысын жөндеу ұзаққа созылса, бұл барлық үш ірі кен орында өндірістің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Алайда, жағымды жақтары да бар - кеше КҚК-дегі әріптестерімізбен техникалық консультациялар өткіздік, қазіргі кезде таңертең ЖАҚ-1 жұмысын бастайды деген ақпарат бар, танкер беріледі, бұл, негізінен, бізді өндірудегі айтарлықтай шығындардан құтқарады. Сондықтан дауыл басылады, ЖАҚ-1 бүгін іске қосылады, танкерлер тиеуге шығады, ал ЖАҚ-2, ЖАҚ-3 бойынша үш апта ішінде әріптестеріміз жөндеу жұмыстарын аяқтап, барлығы қалыпқа келеді деп үміттенеміз», - деп жауап берді ведомство басшысы.  


Ақшолақов сондай-ақ Қашаған кен орнындағы жұмыстардың тоқтатылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.  


«Қашаған 2 айға жөндеуге жабылмайды. Оны жоспарлы жөндеу жазға белгіленген. Ол штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Егер ЖАҚ-1 жұмыс істесе, онда айтарлықтай қауіп жоқ, шығындар көр болмайды, бұл үшін кен орындарын тоқтатудың қажеті жоқ. Әдеттегі штаттық жұмыстар жүргізілуде. Мәселелерді шешу керек екені анық. Сондықтан біз барлығымен жедел кеңесіп, әртүрлі балама бағыттарды пысықтаймыз, бірақ бұл жұмыс жағдайлары. Қашаған 2 айға тоқтайды – бұл олай емес. Бұл расталмайды», - деп түйіндеді спикер.  


Сонымен қатар, министр Каспий құбыр консорциумы өзінің қазіргі қуаттылығымен үш жылжымалы айлақ қондырғысының екеуімен жұмыс істегенін, біреуі әрдайым авариялық жағдайлар болған жағдайлар үшін резервте болғанын еске салды.