«Полиция мен оның қызметкерлері туралы жеке әсер неден қалыптасады? Құқық қорғау органдарымен байланыстан. Көп жағдайда полиция қызметкерлері азаматтармен кез келген шағыммен байланысқа түседі. Дамыған елдерде полиция қызметкерінің диалогы, азамат заңды бұзса да, «Мен сізге қалай көмектесе аламын?» дегеннен басталады. Бұл сөз одан әрі қарым-қатынас дәрежесін түбегейлі өзгертеді және қызметкерге сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Сондықтан қоғамда – егер дамыған елде полиция қызметкері кездессе, онда қауіпсіздікке және қажетті кеңес ала алатыныңызға сенімді бола аласыз деген пікір қалыптасқан. Ал біздің елімізде полиция қызметкерімен кездесу, әдетте, құқық қорғау жүйесіне деген теріс көзқараспен аяқталады», - деп атап өтті спикер.  


Айта кетейік, полиция жұмысын өзгерткен алғашқы елдердің бірі Ұлыбританияға бұл үшін 15 жылдан астам уақыт қажет болды. Онда барлық деңгейлерде терең өзгерістер орын алды, тиісті институттар құрылды. 

«Қазақстанда сервистік модельдің жекелеген элементтері бар. Ең алдымен, құқықтық өріс және қажетті құзыреті мен ресурстары бар мемлекеттік органдар. «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы», «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысуы туралы» және басқа да кодекстер, салалық заңдар қабылданды. Орталық, өңірлік және аудандық деңгейлерде құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссиялар құрылды», - деп атап өтті комитет төрағасының орынбасары.