«...жаңа Телеграмм арналары арқылы азаматтардың сауалдарына жауап беру уақыты қысқартылды (1-ден 5 минутқа дейін); полиция қызметкерлерінің жұмыс сапасын бағалау үшін өтініш берушілермен және құқық бұзушылармен кері байланыс форматы орнатылды. Бұл тек басы ғана. Бұл ретте алдын ала қорытындылар полицияның жедел-тергеу блогын сервистік модельге көшіру қажеттігіне нық сенім ұялатты. Жалпы, екі пилоттық жобаның қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың өзінде полицияның сервистік моделін жаппай енгізу тұжырымдамасы және одан әрі іс - қимылдың тиісті жоспары әзірленетін болады», - деп түйіндеді спикер.