2022 жылғы 21 наурызда Наурыз мейрамын тойлау кезінде Алматы тұрғындарымен кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екінші республиканы «құру» туралы мәлімдеді.

«Екінші республика» идеологемасы дегеніміз не? Жаңа тарихи кезеңнің мәні неде? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен сараптамалық кездесу барысында осы сұрақтарға жауаптар айтылды.

«Amanat»  партиясы қоғамдық саясат институтының бас сарапшысы Ерлан Ахмеди былай деп түсіндірді: «Неге бесінші немесе алтыншы емес, «екінші» республика? Мемлекеттік жүйенің сабақтастығы неде және мемлекеттік-саяси жүйені өзгертудің негізгі басымдықтары қандай.

Ал «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғалымжан Құсманғалидің пайымдауынша, «екінші республика» ұғымы кейбір сарапшылар айтқандай кенеттен пайда болған жоқ.

«Бұл туралы Жолдауда емес, оған дейін 2019 жылы айтылған болатын. Осы формуламен Тоқаев президенттік сайлауға қатысты. Ол сол кезде осы тезисті ойлап тауып, осы формуланы тұжырымдады», - деп атап өтті кездесу модераторы.

Сондай-ақ сарапшылар қазіргі күрделі геосаяси ахуалға және Қазақстан тап болған сын-тегеуріндерге қарсы тұру үшін саяси жаңғырту мүмкіндігін де талқылады.