Ұлттық оператордың деректері бойынша, өткен жылы мәлімделген баға мен бекітілген айырмашылық 160 млрд теңгені құрады, олар да экспорт есебінен жабылады.
«Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап тауарлық газ экспорты ішкі тұтынудың өсуі есебінен орта есеппен 30%-ға қысқарады. Энергетика министрлігінің деректері бойынша, 2025 жылға қарай тауарлық газды тұтыну көлемі 27 млрд м3 дейін ұлғаяды, ал газ тапшылығы 1,6 млрд м3 құрайды. Осылайша, 2025 жылдан бастап экспорттың қысқаруына байланысты бізде тауарлық газдың ішкі бағаларын субсидиялауға мүмкіндік болмайды. Нарықта сатудың барлық кезеңдерінің бағаларын мемлекеттік реттеу қолданылады - жер қойнауын пайдаланушыдан газ сатып алу, газды көтерме және бөлшек саудада өткізу, тасымалдау. Басым құқықты іске асыру тетігі реттелмеген, «QazaqGaz» АҚ-ның өз құқығын іске асырудан бас тартуына негіз жоқ. Сондай-ақ, ішкі нарықта баға қалыптастыру жүйесі жетілдірілмеген, онда салалық реттеуші бекіткен бағалардың «шарықтауы» 16 еселік мәнге немесе мың м3 үшін 600-ден 10 мың теңгеге дейін жетеді. Ішкі нарыққа газ жеткізуді қалыптастыру рәсімі нақтыланбаған. Іс жүзінде бұл Ресейден импортталған газдың қымбат көлемін ішкі нарықта пайдалану фактілеріне әкелді, ал қазақстандық жер қойнауын пайдаланушыларда газдың текше метрін 5-10 мың бағамен жеткізу мүмкіндігі болды. Осылайша, квоталарды, бағаларды және ішкі нарыққа газ жеткізу құрамын қалыптастыру бөлігіндегі қызмет ашық болмай отыр», - деп атап өтті Рустам Ахметов.