Оның сөзінше, нарықты қайта реттеу, нарықтық баға белгілеуге кезең-кезеңімен көшу, көтерме және бөлшек буынды монополиясыздандыру жағдайында жеке инвестицияларды тартуға бағытталған электр энергиясын өндіру нарығын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу және іске асыру талап етіледі. 

«90-шы жылдары басталған нарықты ырықтандыру аяқталған жоқ. Электр энергиясын өндіру нарығы жоғары шоғырланған күйінде қалып отыр. Нарықтың негізгі 4 қатысушысының үлесі – «Самұрық–Энерго» АҚ, «ОАЭК» АҚ, «ERG» AO, «ҚКЖ» ЖШС - 70% құрайды және олар тік интеграция форматында жұмыс істейді. Станция ресурстарына және электр энергиясын беру қызметтеріне қолжетімділікті шектей отырып, аталған топтар өңірлік бөлшек сауда нарықтарын толығымен жапты. Олар бір-бірімен бәсекелеспейді. Сонымен қатар, олар тұтынушыларға өз станцияларынан қымбат энергия алады. Нарықтың 99%-ы тікелей шарттар бойынша жұмыс істейді», - деп атап өтті спикер.  


Электр энергиясын көтерме және бөлшек саудада өткізу нарықтарында бәсекелестікті дамыту үшін кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобада 2025 жылға қарай 30%-ға дейінгі көлемде орталықтандырылған сауда-саттыққа көшу көзделген. Бұл жаңа жабдықтау ұйымдарының пайда болуын және станция ресурстарына қол жеткізу есебінен вертикалды интеграцияланған компаниялардың өңірлік нарықтарға өзара кіруін қамтамасыз етеді. 

«Тағы бір мәселе - тарифтерді тежеу саясаты оларды саралаудың ұлғаюына алып келді. Реттеуші негізгі әлеуметтік жүктемені шағын және орта бизнеске жүктеді, өйткені ірі бизнес тікелей жұмыс істейді. Бюджеттік ұйымдар үшін тарифтер арқылы бюджет үлкен шығындарды көтереді. Тарифтерді саралауды жою жабдықтаушы компаниялар арасындағы бәсекелестік үшін міндетті шарт қана емес, сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдау деңгейін, оның атаулылығын арттыру болып табылады. Осылайша, нарықты монополиясыздандыру бойынша шаралар қажет. Бұл реттелетін нарық көлемін кезең-кезеңімен төмендете отырып, орталықтандырылған сауда-саттық көлемінің ұлғаюы. Бюджетке түсетін жүктемені азайту есебінен атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін ұлғайта отырып, тарифтерді саралауды жою. Сондай-ақ бағаларды салыстыруды және шарттар жасасуды қамтамасыз ететін желілік платформаларды дамыта отырып, электр энергиясын жеткізушілерді ауыстыру тетігін құру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру маңызды. Инвестицияларды тарту және бәсекелестікті арттыру үшін қазір 48% құрайтын генерациядағы мемлекеттік үлесті бөлек іске асыру. Бөлшек өңірлік нарықтарға қолжетімділікті шектеу бойынша тігінен интеграцияланған компаниялардың мүмкіндіктерін болдырмайтын электр энергиясын беру қызметтеріне қол жеткізудің сервистік моделін құру», - деп түйіндеді агенттік өкілі.