«Бұл ретте халықаралық тәжірибе қарастырылды. Білім саласында жоғары нәтиже көрсетіп жүрген Финляндия елінде мұғалімдер біліктіліктерін жыл сайын арттырады. Шекаралас Ресей Федерациясында мұғалімдер үш жылда бір рет өз білімдерін өзектендіреді. Сонымен қатар, жалпы статистикалық және халықаралық зерттеулердің қорытындысы ескерілді. Мысалы, TALIS зерттеулерінің нәтижесі мұғалімдердің 87% сұраныс бар екендігін көрсетті. Педагогикалық қызметті жаңадан бастаған мұғалімдердің шамамен 70%-ы кәсіби деңгейінің жеткіліксіздігі жөнінде мәселе көтеріп, үш жылда бір рет оқу жағдайын қалап отыр. Сондай-ақ, мұғалімдердің жыл сайын үздік ұстаздардың сабақтарына, конференцияларға, арнайы съездерге қатысуы да ынта ретінде олардың болашақтағы біліктіліктерін арттыруға үлкен серпін болады деп ойлаймыз», - деді Г.Кәрімова.