Оның айтуынша, жаңбыр суын бұру үшін Мақтарал мен Жетісай аудандарынан 11 шақырымнан астам канал қазылды. Сондай-ақ ұзындығы 96 шақырым 32 канал және ұзындығы 241 км 121 коллектор тазартылды.  


«Жұмыс басталғаннан бері 600-ден астам аула аумағынан 214 416 текше метр су сорылды. Негізінен қауіпті төмендету мақсатында жұмысты Мақтаарал, Жетісай аудандарының аумағынан өтетін Бетпақдала коллекторының толып кетуіне жол бермеу мақсатында осы аудандарда орналасқан 24 арық-каналдардағы судың деңгейі төмендетілді. Сонымен қатар, жағдайдың күрделенуіне байланысты облыстың басқа да аудандарынан ТЖД құрылымдық бөлімдерінің күші жұмылдырылды. Суды қауіпсіз жерге шығару мақсатында 337 адам, 131 мотопомпа және 37 бірлік техника тартылды. Бүгінде берілген ақпараттарға сәйкес, аулалардан және үйлерге жақын аумақтардан су шығару бойынша жергілікті тұрғындардан келіп түскен өтініштер саны азайып келеді», - деді департамент бастығы. 


Қазгидрометтің ақпаратына сәйкес, екі аудан және облыс аумағында ауа райы күрт жылынады. Осыған байланысты су шығару жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтау жоспарланған.