Ол 3 жыл бұрын үндеу тастады, көпшілік оны қолдады. Жоба креативті экономиканы жақтаушыларды біріктіріп, өсіп, дамып келеді. Бұл туралы автор Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.  


 «Креативті экономика - бұл еліміздің ғана емес, бүкіл планетамыздың болашағы. Себебі адам бұл әлемге тек құру үшін келеді, оны жою үшін емес. Кейде біз бұл туралы ұмытып кетеміз, бірақ бұл біршама философиялық көзқарас. Үш жыл бұрын, пандемия басталған кезде, мен «анамның орамалы» жобасын ұсындым, біртіндеп ол кеңейе түсті. Ол Нұр-Сұлтан қаласынан серпінін алды. Мұнда пазлдың барлық бөліктері жиналды. Адамдар жобаға өз орамалдарын жіберді, әлі де әртүрлі елдерден жіберіп жатыр: Вьетнамнан, Буркино Фасодан, Африка елдерінен, мексикалық орамалдар Еуропа арқылы жеткізілді. Яғни, әлемдегі әйелдер, ең алдымен, біздің балаларымызды, барлық негативтен, зұлымдықтан қорғау үшін бірігуде. Қазіргі кезде адамдар қайырымды, бір-біріне жақын боулы керек. Міне, осы символды - «Анамның орамалын» мен кездейсоқ таңдаған жоқпын, өйткені анасының иісін сезген кезде адам өзінің қауіпсіздікте екенін сезінеді. Бұл үшін біз қолымыздан келгенін жасаймыз. Қыздар өздері келіп, орамалдарын қосып жатады, жіберіп жатады, әрине, жалғыз адам жаһандық іс тындырмас. Сондықтан қорға көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіремін, министрлікке және «SCAT» әуекомпаниясына үлкен рахмет, өйткені бұл біздің өтінішімізге үн қатқан алғашқы әуекомпания және қазір орамал Қазақстанның қалаларына қатынайтын болады, өйткені біз оның көлемін арттырмақпыз», - деді суретші.  


Лейла Махат Қазақстан қалаларының тұрғындарын осы жобаға атсалысып, қолдау көрсетуге шақырады. Одан әрі орамал әлем аралайтын болады.