Ол полиция органдарының жұмысы, ең алдымен, зардап шеккен азаматтарға, бизнес өкілдеріне жәрдем көрсетуге және келтірілген залалдың орнын толтыру бойынша шараларға бағытталғанын ерекше атап өткім келеді.  

«Осы мақсатта азаматтардың және кәсіпкерлік субъектілерден ұрланған мүлікті табу және алу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда сомасы 338 миллион теңге құрайтын ұрланған мүлік алынды, оның ішінде 12 автомашина, тұрмыстық техниканың 319 бірлігі, 189 зергерлік бұйым, 286 ұялы телефон, киімнің 546 бірлігі, 16 миллион теңге. Мысалы, Алматы қаласында Алматы облысының тұрғыны ұсталды, ол ағымдағы жылғы 6 қаңтарда басқа адамдармен топтасып, жаппай тәртіпсіздікті пайдалана отырып, Халық банкі филиалының кіретін есігін бұзып, компьютерлер мен теледидарларды ұрлаған. Ұрланған заттар алынды, ұсталған адам күзетпен ұстауға алынды, оның сыбайластарына қатысты іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ Ақтөбе қаласының жұмыс істемейтін тұрғыны ұсталды, ол 6 қаңтарда Алматы қаласында болған жаппай тәртіпсіздік барысында Сейфуллин көшесіндегі «Технодом» сауда үйінен жалпы сомасы 510 мың теңге компьютердің екі процессорын және үш ұялы телефонды ұрлаған. Сот санкциясымен күдікті күзетпен ұстауға алынды. Бұл ретте оның Райымбек көшесінде орналасқан «Максима» сауда-ойын сауық орталығынан киім ұрлауға қатыстылығы анықталды. Екі эпизод бойынша ұрланған заттар алынды. Келтірілген залалдың орнын толтыруды қамтамасыз ету жалғасатын болады және жұмыстың басым бағыттарының бірі болып қалады», - деді спикер.

 Тергеу нәтижелері бойынша сотқа 323 адамға қатысты 209 қылмыстық іс жолданды.  152 адам сотталды, оның ішінде 133 адамның бас бостандығы шектелді, 17 адам бас бостандығынан айыруға сотталды, қоғамдық жұмысқа және айыппұл салуға бір адамнан тартылды.