«4 болат құю зауыты салынады. Оларды іске асыру шамамен 2025 жылға жоспарланған, қазір инвесторлармен жұмыс жүргізілуде, содан кейін біз еліміздегі барлық импортты толығымен жабамыз. Импортты алмастыру кезіндегі маңызды бағыттардың бірі біз үшін жартылай кокс өндіру болып табылады. Біз 1 млн тонна жартылай кокс импорттаймыз, қазір 1 млн тоннаға жартылай кокс өндіретін 2 зауыт құрылыс сатысында. Содан кейін біз 100% импортты алмастырамыз және бұрын шетелге кетіп отырған барлық қаржы елімізде қалады. Бұл зауыттар 2024 жылы Қарағанды облысында салынады. Ферроқорытпалар құрылысы бойынша. Біз әлемдік нарықтағы ферроқорытпалардың әлемдік тапшылығына талдау жүргіздік. Бұл шамамен жылына 2,5 миллион тоннаны құрайды. Сондықтан біз елімізде ферроқорытпа зауыттарының құрылысына белсенді түрде атсалысудамыз, өйткені шикізат пен ресурстар бар. Қазір 5 зауыт салынып жатыр, бір зауыттың құрылысы биыл аяқталады, 1 зауыт 2023 жылы аяқталады, ал қалған 3 зауыт 2024-2025 жылдары аяқталады. Бұл бізге 3 млрд долларға шетелдерге ферроқорытпалар экспорттауға мүмкіндік береді», - деді министр.
Ведомство басшысы алюминий саласын да перспективалы деп атады. Елімізде 1,4 млн тонна өндіріледі, оның ішінде 570 мың тонна сазбалшық өңделеді, ал бізге одан артық керек. Сондықтан инвесторларға жаңа электролиз зауытын салу ұсынылады.
«Шетелге шығарылатын сазбалшық осында қайта өңделеді. Қазір біз ERG тобымен де, басқа да инвосторлармен де келіссөздер сатысында тұрмыз. Бұл бағыт біз үшін жай экспорт тұрғысынан да перспективалы. Егер қазір сазбалшық экспорты жылына 300 млн тонна болса, осы зауыттың құрылысы кезінде экспорт 1,2 млрд долларды құрайды және бұл көлемді 4 есеге арттырады. Алюминий саласы бойынша біз 31 мың тонна алюминийді дайын өнім ретінде өңдейміз және 233 мың тонна алюминий әлеуетіміз бар. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібінің шикізатына қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы бойынша өндіруші өнеркәсіптің ірі субъектілерімен келіссөздер жүргізілді. Олар шикізатты ішкі нарыққа Лондон биржасындағы бағадан минус 5% береді деген уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар, қазір қосымша қайта өңдеу түрінде бірқатар зауыттар іске асырылуда. Азық-түлік банкаларын шығаратын зауыт биыл іске қосылады, терезе профильдері бойынша - келесі жылы, қалған кәсіпорындар бойынша - 2024-2025 жылдары іске қосылады деп жоспарлап отырмыз. Бұл экспорт көлемін 645 млн долларға арттыруға мүмкіндік береді», - деді Өскенбаев.