«Мысалы, биыл күзде Беларусь зауытына арналған кабина шығаратын зауытты аяқтаймыз. Беларусь Республикасында және осы өндіріс бар басқа елдердің аумағында өндірілетін барлық тракторлар қазақстандық өндірістің кабиналарымен жабдықталады. Бұл еліміз үшін ең жылдам және жақсы нәтиже беретін коммерциялық операция. Қазіргі кезде автомобиль шиналарынан басқа Қостанай облысында шойын құю мен көпір таратқыш, Павлодар облысында ұста-бандаж кешенін салып жатырмыз. КамАЗ зауытына арналған жасақтаушы бөлшектер, өндірістік арқалықтар шығарамызу. Біздің есептеуімізше, барлық КамАЗ автомобильдерінде қазақстандық қамту 11%-ды құрайды. Яғни, бұл сауда маркасын іске асыру қалай жүріп жатқанына еш алаңдамаймыз. Экспортқа бағдарланған жобаларды іске асыру бойынша біз жобалардың үлкен блогын аштық, онда биыл жүк автомобильдерін, изотермиялық вагондар мен термостарды, келесі жылы – электр техникалық жабдық, металл өңдеудің автоматтандырылған желілерін, 2024-2025 жылдары - ірі және орта торап жөніндегі зауыттарды және қосалқы станцияларға арналған жоғары вольтты аппаратураны іске асыратын боламыз. Мұнай-газ машина жасау бойынша мәселелер блогы өте үлкен. Мұнда импорт 2,5 млрд АҚШ долларын құрайды.. Бұл біз өндіре алатын позициялар, өйткені бізде сорғыларды, арматураларды және өнеркәсіптік жабдықтарды, механикалық қондырғыларды, су сүзгілеу жабдықтарын, контейнерлерді өндіру дәстүрі бар. Бұл күрделі жабдық емес, біз оларды өзіміз үшін өндіруге міндеттіміз», - деп атап өтті министр. 


Бұл жұмыс энергетика министрлігімен бірлесіп жүргізілуде. Олар ірі жер қойнауын пайдаланушылармен меморандумға қол қойып, мұнай-газ машина жасау өндірісін қолдау қорын құрды.  


«Кәсіпкерлерімізден өтінерім: кімнің құзыреті, шетелдік инвесторлармен кооперация мүмкіндігі, қаржы ресурстары бар, шамамен 250 млн АҚШ доллар осы қордың есебінде жатыр. Қазірдің өзінде өтінім беруге және барлық мүмкіндіктерді іске асыруға болады», - деді министр өршіл кәсіпкерлерге.