Жоғарыда көрсетілген деректер жыл сайынғы өсімнің және өңірде жүргізілетін суицидтердің алдын алу бойынша жұмыстың тікелей байланысының жоқтығын көрсетеді. Мұнда аз сандармен жұмысты ескере отырып, индикаторларды статистикалық есептеу әдістемесін қайта қарау қажет. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен панельдік сессияда ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жанар Калмакова мәлімдеді.  

 
«Мысалы, 15-17 жатағы балалар арасындағы суицидтер саны өңірлер бойынша 1-ден 27-ге дейін ауытқиды. Аз сандарды ескере отырып, санның өсуі тіпті 1 жағдайда да, бірінші нұсқада 100% артады. Мұндай бөлу толық объективті болып табылмайды және өңірде суицидтің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты көрсетпейді. Аймақтың ерекшелігі ескерілмейді, яғни, мегаполис немесе индустриалды аймақ, халықтың пайызы, гендерлік және басқа факторлар да ескерілмейді. ДДСҰ деректері бойынша, Қазақстан 2012 жылы 5-14 жас аралығындағы балалар арасында 9-шы орында және 15-29 жас аралығындағы адамдар арасында 4-ші орында, 2016 жылы 10-19 жас аралығындағы балалар арасында 18-ші орында және 15-29 жас аралығындағы адамдар арасында 13-ші орында болды. 2019 жылы бүкіл халық арасында 20-шы орынға орнықты. Көріп отырғанымыздай, республикада суицидтер санының, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында оң динамика байқалады. Республикада суицидтің алдын алу бойынша медициналық көмек көрсетуді реттейтін нормативтік база әзірленді. Бұл денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы, ҚР халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсету ұйымдарының стандарттары. Бұл стандартта бастапқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының және психиатр дәрігерінің суицидтік мінез-құлық қаупі бар адамға көмек көрсету кезіндегі іс-әрекеттері реттеледі, оған кейіннен бақылау, сондай-ақ емдеу жоспарын дайындау арқылы қауіпті бағалау кіреді. Сондай-ақ, аталған бұйрықпен амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық емдеу үшін көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер анықталды», - деп хабарлады сарапшы.  


15-17 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бағдарламасы іс жүзінде республиканың барлық өңірлерінде іске асырылуда. Бірақ бағдарлама әдіснамалық тұрғыдан Қызылорда, Ақмола, Атырау облыстарында, СҚО және Нұр-Сұлтан қаласында дұрыс іске асырылады, онда суицидтердің алдын алу бойынша жүйелі мониторинг жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама психикалық денсаулық мәселелеріне қатысты сауаттылықты арттыруды, мектептер мен колледждердің персоналын суицидтердің «вахтерлері» ретінде оқытуды көздейді.