Оның айтуынша, 5 қаңтарда Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметіне қарулы шабуыл жасалды. Террористер жүк көлігімен ғимараттың қақпасын соғып кіріп, онда олар аңшы мылтықтарымен оқ жаудырды, бақылау-өткізу пунктін, жедел басқару орталығының камералары мен патрульдік машиналарды өртеді.
«Осыған байланысты полиция алдымен ауаға атып, содан кейін шабуылдаушылардың аяқ-қолын нысанаға алып, табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болды.
Алайда, бұл оларды тоқтатпады. Алкоголь мен есірткінің әсерінде болып, олар ғимаратқа бірнеше рет шабуыл жасады. Екінші шабуылдан кейін алты адамнан тұратын топ келіссөздер түрінде Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ибраев пен рота командирі Естаевты алдап шақырды. Осы сәтті пайдаланып, келіссөз жүргізушінің бірі бұрын сотты болған «О» есімді азамат рота командирі Естаевқа шолақ мылтықпен тіке оқ атқан. Қарсы атылған оқпен оның көзі жойылды. Естаев көптеген дене жарақаттары, үлкен қан жоғалтуымен ауыр халде реанимацияға жеткізілді, оның өмірін әрең сақтап қалу мүмкін болды. Барлығы 12-і сағат қоршау кезінде жергілікті полиция қызметі ғимаратына 10-нан астам қарулы шабуыл жасалды. Оларға тойтарыс беру нәтижесінде 20 шабуылшының көзі жойылды», деді полковник.
Мұнымен қоса, Қызылорда қаласы Полиция басқармасының ғимаратын басып алуға әрекет жасалды. Оған тойтарыс беру кезінде 4 шабуылшының көзі жойылды.