«Бұл ЖКО жасауы, жаяу жүргіншілерді қағып кетуі, жол қозғалысы ережелерін сақтайтын жүргізушілердің өмірін қиып кетуі мүмкін болған жүргізушілер, олар – қылмыскерлер. 5508 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды, 5553 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 15 тәулікке қамауға алу, 15 жылға жүргізуші куәлігінен айыру сияқты қатаң санкцияларға қарамастан мұндай бұзушылықтардың саны 7,5%-ға өскені тіркелді. Егер бұл жүргізушілер мас күйінде рульге қайта отырса, оларға түрмеге қамау және өмір бойы көлік басқару құқығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін», - деп еске алды полковник.  


Айта кетейік, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің тәртібін арттыру мақсатында елімізде жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін 16 900 камера орнатылған.  Камералардың көмегімен анықталған бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 5,2 млрд теңгеге 518 000 ұйғарым ресімделді. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақмола, Қостанай облыстарында. 3,6 млрд теңге сомасына 355 000 ұйғарым орындалды, 70% өндірілді. 


Жол қозғалысын қадағалау аясында биыл 1 млн-нан астам жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолы кесілді. 41% белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру, белгілер мен таңбалар талаптарын бұзу болып табылады. 74 000-ға жуық жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін, тағы 56 000-ға жуығы жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.