Қаржы пирамидаларына қарсы тұру бойынша қызмет қаржы мониторингі агенттігімен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады - келіп түскен ақпаратпен алмасу және алаяқтық тәсілмен заңсыз кіріс алумен айналысатын компанияларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіледі.  

«Нәтижесінде қаржы пирамидаларының жолын кесу және оларға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс ерекше маңызға ие болды. Қабылданған шаралардың, соның ішінде сайттарды бұғаттау, ұйымдастырушыларды, филиалдарды, құрылымдық бөлімшелерді орнату бойынша шаралардың нәтижесінде 180-нен астам қаржылық инвестициялық компаниялар мен фирмалардың қызметі тоқтатылды. 138 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың 50-і сотталды, қалғандарына қатысты сот талқылауы жүріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу барысында жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын ақша қаражатына, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салынды», - деді спикер.  


Тыйым салынған мүліктің ішінде жеке үйлер, пәтерлер, жер учаскелері, көлік құралдары, кешендер және т.б. бар.