«Іс жүзінде, «ASTEX.KZ» ЖШС және «ACD technology» ЖШС мемлекеттік сатып алуға қатыспады, инвесторларға дивидендтер жаңа салымшылардың жарналары есебінен төленді. Бұл ретте, түсетін ақша қаражатының ағынын ұлғайту мақсатында аталған қаржы пирамидаларының қызметіне танымал блогерлер тартылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Көптеген экономикалық, бухгалтерлік сот сараптамалары тағайындалды. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалды өтеу мақсатында тергеуші күдіктілер мен олардың туыстарына тіркелген Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында және Алматы облысында орналасқан мүлікке тыйым салды. Бұл 4 жер учаскесі, 10 пәтер, 5 жеке үй, 2 автомобиль, 1 дүкен. Компанияның барлық есеп айырысу шоттарына тыйым салынды. Тыйым салынған мүліктің тағдырын сот шешеді.», - деді ведомство өкілі.