Мемлекет басшысының 29 наурыздағы Жарлығымен жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл жоспар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгертуге, дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шараларды қабылдауға бағытталған 10 бағыт бойынша 36 іс-шарадан тұрады.
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ведомствоға бекітілген іс-шараларға толығырақ тоқталып өтті. Бүгінгі күні жұмыс 3 негізгі бағыт бойынша жүргізілуде. Атап айтқанда, елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру және дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!