Оның айтуынша, 2018 жылдан бастап елімізде Үкімет қаулысымен бекітілген 2022 жылға дейінгі онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар іске асырылуда. Құжатта төрт бағыт бойынша шаралар қарастырылған.  

«Біріншіден, қауіп факторларын алдын алу және басқару. Бүгінде елімізде жатыр мойны обырын, сүт безі обырын және тоқ ішек обырын ерте анықтау үшін скринингтің үш түрі жүргізіледі. Жыл сайын емханаларда скринингтік тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтары қалыптастырылады. Содан кейін келуді мониторингтеу және бақылау жүргізіледі. Жыл сайын 2,5 млн-нан астам адам скринингтен өтеді, 2021 жылы 2 мыңға жуық онкологиялық аурулардың жаңа жағдайлары анықталды. Екінші бағыт - тиімділігі жоғары ерте диагностикалауды дамыту. 2019 жылдан бері МРТ және КТ онкологиялық ауруларына күдікті пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде зерттеулер тегін жүргізіледі. 2021 жылы барлығы 63 мың зерттеу жүргізілді. Елімізде онкологиялық радионуклидтік диагностиканың негізгі түрлерінің бірі ретінде ПЭТ-зерттеулер де белсенді енгізілуде», - деп атап өтті спикер. 


 2018 жылы елордада бір ғана ПЭТ орталығы жұмыс істесе, қазір алты аппараттық 4-еуі бар. 2021 жылы ПЭТ зерттеулерімен 10,5 мың пациент қамтылды. Алдағы жылдары МЖӘ аясында Шымкент, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында тағы төрт орталық ашу жоспарланған.