Оның айтуынша, Президенттің мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлығын орындау мемлекеттік органдардың жұмысын цифрлық трансформациялауға, яғни деректер негізінде басқаруға бағытталған. 


«Алдымен салалық тіркеу деректерінің тізімін анықтаймыз. Әрбір салада негізгі көрсеткіштердің цифрлық есебі пайда болуы тиіс. Бұл талаптар мен бақылау шараларына да қатысты болады. Мақсат - бұл көрсеткіштерді қолмен жинауды барынша азайту. Әйтпесе, талдау үшін көрініс объективті болмайды», - деді спикер.


Жамбакин мемлекеттік қызметтер тізілімін кеңейту туралы тапсырманың қалай орындалатынына тоқталды.


«Бүгінде мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан 94% астамы - 700-і электронды түрде қолжетімді. Мемлекеттік қызметтердің көбі - өтініш беру. Ведомство нақты өмірлік жағдайға байланысты барлық сценарийлерді ескере отырып, қызметтерді жетілдіруі тиіс. Заңды тұлғаны қайта тіркеу қызметін алу үшін құжаттар топтамасын жинау керек. Сонымен қатар, құжаттарды жинау заңды тұлғаның қанша құрылтайшысының бар екеніне, резидент немесе резидент болмауына және т.б. тікелей байланысты және көп уақытты алады», – деді спикер мысал келтіре отырып. 


Ведомстводағылардың пікірінше, қызметтердің шағын түрлерін кеңейтсе, олардың саны 700-дің орнына 2,5 мыңға жуық болады. Сондықтан процестердің өзіне реинжиниринг өткізу жоспарлануда: бақылау функцияларын жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін.