«Бұл да өте өзекті мәселе. Соңғы үш жылдың өзінде азаматтарға қызмет көрсетуден  
4 мыңнан астам негізсіз бас тарту фактілері анықталып отыр. Сондай-ақ, азаматтар шағым айтпай, бізге белгісіз фактілердің жеткілікті екені анық. Бұдан бөлек, 16 мыңға жуық қызмет алуға келген азаматтың өтініштерін негізсіз уақытын созып, әуре-сарсаңға салған фактілер де болған. Артық, заңда көрсетілмеген құжат сұратып, қолдан кедергі жасап келген жағдайлардың саны үш жылда шамамен 130 мыңға жетті. Осылардың барлығына себеп болып отырған – ол бюрократия. Өз кезегінде, Агенттік бюрократияны зерделеу және оған қарсы тетіктер қолдану орталығына айналады. Бұл жұмыстың азаматтардың, бизнес өкілдерінің көмегі арқасында тиімділігі артатыны сөзсі», - деді ведомство төрағасының орынбасары.  


Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасында жыл сайын бюрократия мәселесіне қатысты онлайн сауалнама жүргізіледі. Бұл бюрократияның жасырын түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.