Тараптар екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды күшейту маңызды деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, энергетика, қаржылық қызмет көрсету және туризм сияқты салалардың әлеуеті зор екеніне назар аударды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Салман Әл Саудты елімізге сапармен келуге шақырды. Тақ мұрагері шақыруды ілтипатпен қабыл алды.

Көшбасшылар бірін-бірі қасиетті Рамазан айымен құттықтады.