Мемлекет басшысы өз Жолдауында Президенттің артық өкілеттіктерін болдырмау және әкімдіктермен маслихаттарға жергілікті жерлерде шешімдер қабылдау кезінде көбірек дербестік беру арқылы қолмен басқару практикасынан кету қажеттілігі туралы айтты.  

«Осыған байланысты Президенттің облыстар және Республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің актілерін тоқтата тұру немесе олардың күшін жою жөніндегі құқығын, сондай-ақ аудан және ауыл әкімдерінің лауазымдарынан босату құқығын алып тастауға байланысты өзгерістер жоспарланып отыр. Президенттің мұндай өкілеттіктері жойылады. Бұл реформа жергілікті өкілді және атқарушы органдардың күшеюіне және тұтастай алғанда, саяси жаңғыртуға ықпал етуі тиіс. Президент өкілеттігіне қатысты жоспарлаған реформалар саяси бәсекелестік пен мәдениетті дамытуға, өңірлердің дербестігін дамытуға, мемлекеттік аппаратта кадрлық бәсекелестікті қалыптастыруға   ықпал етеді деп айтуға болады», - деді спикер.  


Аталған бастамаларды іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңына және басқа да бірқатар заңдарға өзгерістер енгізу талап етіледі. Тиісті заң жобаларын Парламенттің қарауына енгізу тамызда, ал оларды қабылдау ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған.