Бұл ретте ол адамды құқық қорғау органдары қарумен ұстап алған жағдайлар ерікті түрде тапсыру деп танылмайтынын атап өтті. Сондай-ақ басқа да салдарына тоқталды.  

«Әлеуметтік желілерде «фейктер» деп аталатын, соның ішінде күдіктілерге тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдануы туралы ақпарат таратылуда. Әрбір факт жан-жақты тексерілуде. 
Қылмыстық кодексте көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламын. Қазіргі уақытта осындай хабарламалар бойынша 11 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Бір қылмыстық іс сотқа жолданды. Өз тарапынан прокуратура және құқық қорғау органдары қылмыстардың толық тергелуін, заң нормаларының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық күш пен ресурстарды пайдалануда», - деп атап өтті полковник. 


Қаңтар оқиғаларының жаңа мәліметтері мен мән-жайлары анықталғанына қарай олар уақтылы жұртшылықтың назарына жеткізілетін болады. Ресми дереккөздерге ғана сеніп, жалған мәліметтер таратпау керек.