«Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін қамауға алу мерзімі 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін ұзартылды. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактілері бойынша құқық бұзушылықтардың дербес құрамы көзделген және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған ұрып-соғу, санкцияларға осы қамауға алу баптарын енгізе отырып және тиімсіз жазалау шарасы ретінде айыппұлдарды алып тастау. 
Соттың тараптарды татуластыру туралы шешім қабылдаудағы және құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу өкілеттіктері кеңейтілді, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік енгізілді», - деп атап өтті спкиер. 

Жалпы, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар саны өткен жылдың деңгейінде қалып отыр.