Тәжірибе көрсетіп отырғандай, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанына отбасылық «тиран» тарапынан психологиялық қысым көрсетіледі, кейіннен өз өмірі мен отбасы мүшелерінен қорқу салдарынан жәбірленуші мәлімдемеден және одан әрі талқылаудан бас тартады. Бұл норма құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуге ықпал етеді, отбасылық жанжалдың мінез-құлқына бақылау орнатуға мүмкіндік береді. 

«Қорғау нұсқамасының шектеулер тізбесін кеңейту жоспарлануда. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тыйым салудан басқа және жәбірленушімен байланысқа түсіп, құқық бұзушылар үшін қосымша жаңа шектеулер енгізіледі, бұл: атыс қаруын және басқа да қару түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға; алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қолдану. Бұл түзету қорғау нұсқамасы әрекетінің тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді және тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алудың қосымша шараларын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, ішкі істер органдарына басқа мемлекеттік органдармен қатар өкілеттіктер беріледі: тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру; жергілікті атқарушы органдарды хабардар ету, зорлық-зомбылық фактілері туралы ақпарат беру және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында профилактика субъектілерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша халықпен тиісті ақпараттық-құқықтық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу; азаматтық қоғам институттарының, мүдделі мемлекеттік органдардың белсенді қатысуымен біз пысықтайтын осы және басқа да шаралар, біздің ойымызша, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ахуалды елеулі жақсартуға ықпал етуге тиіс», - деп түйіндеді полковник.