Ресми деректер бойынша, өткен жылы Комитетте 5685 өтініш тіркелген, 4070 (72%) қаралды, оның ішінде 1449 (35%) тексеру жүргізілді, негізделгендері – 31,2%.


«Өтініштерді қарау үшін комиссиялар құрылады, объективтілікті қамтамасыз ету үшін тәуелсіз сарапшылар тартылады және өтініштерді қарау нәтижелері бойынша әкімшілік шаралар қабылданады, ақаулар анықталған жағдайда материалдар денсаулық сақтауды басқару органдарына жіберіледі. Кейіннен қабылданған шаралардың қаншалықты тиімді екендігіне мониторинг жүргіземіз, сондай-ақ нұсқаманың орындалғанына көз жеткізу үшін қайта тексеруге шығуға құқығымыз бар. Өкінішке орай, сапасыз медициналық көмек көрсету бойынша өтініштер саны бәрінен артық - 70%. Дегенмен, көп бөлігі медициналық ұйымның өзінде шешілуі мүмкін еді. Сондықтан біз пациенттерге қолдау көрсету қызметі жұмысының тиімділігіне баса назар аударамыз, алдағы уақытта олардың жұмысының тиімділігін арттыру көзделген. Жалпы, саясаттың сыртқы бақылауды барынша азайтуға бағытталғанын айтқым келеді. Себебі медициналық ұйымның бірінші міндеті медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталуы керек. Сапаны қамтамасыз етудің негізгі тетіктерінің бірі - медициналық көмекті стандарттау. Стандарттар медициналық көмек көрсету тәртібін регламенттейді, міндетті болып табылады», - деп атап өтті спикер.


Айта кетейік, барлық стандарттар Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген. Көмек көрсетудің негізгі бағыттары бойынша 40-тан астам стандарттар әзірленді және халықаралық тәжірибені ескере отырып үнемі жаңартылып отырады.