«Мысалы, Жамбыл облысында 5 қаңтарда «Б» есімді азамат адамдар тобымен мемлекеттік объектілерді өртеген, одан кейін Полиция департаментінен «Калашников» автоматын, «Макаров» тапаншасын, 2 аңшылық қаруды және 3 травматикалық тапаншаны жымқырған. Оның бұл қылмыстарға қатыстылығы бейнекамера жазбаларымен, куәлердің жауаптары және істің басқа да материалдарымен расталады. Ұсталғаннан кейін одан полиция қызметкерлері тарапынан азаптаулар жасалғаны туралы арыз түсті. Бұл факті бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен тәуелсіз адвокаттың қатысуымен тергеп-тексеру жүргізілді. Стамбул хаттамасы сияқты азаптауларға қарсы адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес, психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізілді. Мамандар жәбірленушінің психоэмоционалды жағдайы толық зерттеді, оның нәтижелері бойынша тергеу органдарымен оған қандай-да бір психологиялық қысым көрсетілмеген», - деді спикер. 


Тергеу нәтижесімен қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.