Қ.К.Тоқаев Amanat партиясының басшысы қызметіне Мәжіліс спикері Ерлан Қошановты ұсынды. Съезд делегаттары Қошановтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. 

«Бүгіннен бастап «Аманат» партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда, Президент сайлауында сенім артып, қолдағандарыңыз үшін алғысымды айтамын», - деді президент. 


«Елімізде жаңа партиялар құрылады, ал қазіргі партиялар өз қызметтерін азаматтардың талаптарына және уақыт ағымына сәйкес қайта қарап, қайта құра бастайды» 


Сондай-ақ Қ.К.Тоқаев екі саяси партияның бірігуі туралы жариялады:  


«Жалпы партия алаңында қозғалыс барын көріп отырмыз. «Adal» партиясының «Amanat» партиясымен бірігуі басталған өзгерістердің айқын көрсеткіші болып табылады». 
Тоқаев: «Азаматтар: «Жаңа Қазақстан деген не?» деген сұрақты жиі қояды. Жаңа Қазақстан – бұл әділетті Қазақстан. Сондықтан партия алдында бұл жағдайды түзету міндеті тұр».