«Жыл басынан бері біз бірнеше рет жиналдық. Қазір кезде еліміздегі өзгерістер ерекше қарқынмен жүруде. Қаңтар оқиғаларынан кейін мемлекет пен қоғамды түбегейлі жаңғырту процесі басталды. Аmanat осы жүйелік өзгерістерге белсенді қатысады. Партия басталған реформаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді іске асыруға өз үлесін қосуда. Жалпы, Аmanat әрқашан әлеуметтік әділеттілікті орнатуға үлкен мән береді», - деді ҚР Президенті.