Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Amanat» партиясының ХХІІІ съезінде сөйлеген сөзінде реформалардың перспективалары туралы айтып берді. 

«Партиялық және сайлау заңнамасын ырықтандыру қоғамды биліктің барлық деңгейлерінде қабылданған шешімдерде нығайтады. Сайлаушылар дауыстары үшін бәсекелестік күшейе түседі. Әрине, саяси процестің динамикасы мен мазмұны өзгереді», - деді Президент.  


Ол сондай-ақ басымдықтарды белгіледі.  

«Біз басқарудың суперпрезиденттік формасынан түбегейлі бас тартамыз. Парламент, мәслихаттардың өкілеттігін күшейтеміз. Басымдықтардың бірі партиялық-саяси саланы жаңғырту болып табылады», - деп атап өтті Тоқаев.