«Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермегені жөн, яғни саяси тұрғыдан бейтарап болуы қажет. Бұл – менің айқын ұстанымым. Мұндай қағида сайлауға қатысатын барлық күштерге тең мүмкіндік туғызады. Саяси жүйеде әділдіктің орнауына жол ашады. Партия атқарушы билікке тәуелді болмаса, оған халықтың сенімі нығайып, беделі артады» 


«Бүгінгі өзгерістер «Аmаnаt»-тың заман талабына сай жаңара түсуіне жол ашады. Партия елімізді өркендетуге өз үлесін қоса беретіні сөзсіз», - деді Президент. 


Президент партия қатарынан шыққанымен, ұйымның стратегиялық бағдары өзгермейтінін жеткізді. 


«Аmаnаt» еліміздің саяси өмірінде ерекше орны бар ұйым болып қала беретіні анық. Саясаттағы сабақтастық сақталып, партия ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарын жалғастыра береді», - деді Мемлекет басшысы.