Кинематографтың барлық кезеңінде ең жарқын және талантты киноны жастар түсіреді. Олардың тәжірибесі болмаса да, кинолары керемет шығады. Осы күндері жастардың дарындылығын үшінші Халықаралық «Томирис» студенттік кинофестивалінің мүшелері бағалайды. Бұл кино және кино ғылымдарында мол тәжірибесі бар адамдар. Кинематографтың дамуы мемлекет тарапынан жас кинематографистердің орасан қолдауымен ғана мүмкін - дейді ұйымдастырушылар. 


Жас таланттар мерекесіне атақты кинорежиссер, фестивальдің қазылар алқасының төрағасы Сергей Бодров та қуана қосылды. Ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өз ұстанымын жеткізді.  


«Мен шақыруға қуана келістім, өйткені мен шығармашыл жастарды жақсы көремін, әсіресе Қазақстан маған қымбат: мен еңбек жолымды осында бастадым, бұл жақсы уақыт болды. Меніңше, қазір жас ұрпаққа көмектесу өте маңызды, олармен жұмыс істеу керек. Себебі талантты жастардан жарық жұлдыздар шығады. Әрине, жас, еңбекқор, талантты адамдарға көмектесу керек. Олар бар. Мен оларға көмектесуді құрмет санаймын», - деді мэтр.