«Әлі көп фильм көрген жоқпыз, сондықтан қай жанрдың жақсы және көбірек ұсынылғанын айту қиын. Бірақ біз көріп отырған каталогта жұмыстар көп. Өте қызықты фильмдер бар. Мұндай фестивальдерді ұйымдастыру жастарға басқа киномектептермен, экран арқылы болса да, байланыста болуға, киноны барынша түсінуге көмектеседі. Бұл барлық киномектептердің дамуына мүмкіндік береді. Бұл барлық салаларда болады: белгілі бір шеңберде тұйықталып қалуға болмайды, әрдайым айналада болып жатқанға қызығушылық таныту керек. Осыдан кино дамып, ілгерілейді. Қазақстанның киномектептерінің жас буыны, дарынды студенттер өздері үшін жаңа бір жаңалық ашады деп ойлаймын. Олар үшін де, жалпы кез келген кино үшін де бұл пайдалы болады деп ойлаймын», - деп атап өтті спикер.