«Бірінші мақсат, еңбек нарығы мен  білім беру саласын сәйкесьендіру, ұштастыру. Келесі мақсат – ЖОО-ларда, колледждерде бідім бағдарламаларын заман талабына сай сәйкестендіру. Ол үшін ұстаздарды оқытып, көтеруіміз керек, кәсіпорындар дуальді форматқа толыққанды көшуі керек. Колледждерді, ЖОО өздеріне байлап, қамқоршы ретінде шығуы керек, мақсатты түрде тапсырыс беруі керек. Үшінші, адамның болмысында, дамуында кез келген сатыда - орта мектепте, ЖОО-да, колледжде болсын, жас маман, орта буынды маман, жұмыссыз адам – әр сатыда кәсіптік бағдар беру кешенді құралдармен қамтамасыз етуілуі керек. Яғни еңбек нарығында жаңа мамандықтар, еңбек нарығының талаптары бойынша толыққанды ақпарат ұсынылып, біліктілікті арттыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуіміз қажет», - деді депутат.