«Бағдарлама екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады: Халық банк, Еуразиялық банк, Bank Center Credit, Forte bank. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың 15 сәуірінде қаулы қабылдады, онда «Жасыл даму» операторының қаражаты есебінен 100 млрд теңге мөлшерінде автонесиелеудің жаңа бағдарламасын және 30 млрд теңге мөлшерінде автобус паркін жаңартуға лизингтік қаржыландыруды көздейді. Бағдарламаға бұрынғы бағдарламаға қатысқандар да қатыса алады. Электронды кезек жасалады», - деді спикер.  


Бағдарламаның негізгі шарттары: жеңіл автокөліктің 1 бірлігі үшін қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден аспауы тиіс; қаржыландыру соңғы бір несие алушыға екі жыл ішінде бір реттен артық берілмейді; қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды; бастапқы жарна 0% басталады; автокөліктің құны - 15 млн теңгеден аспайды.  


Қазіргі кезде бағдарламаны іске асыру үшін «Жасыл даму» АҚ қажетті қаражатты берумен байланысты рәсім жүргізілуде.